Бұл туралы Назарбаев Семинарға елдің жалпыға бірдей білім беру мектептерінен 40-тан астам оқытушы және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының 18 қызметкері қатысуда.
Назарбаев зияткерлік мектебінің ықпалдасқан білім беру бағдарламасы Кембридж университетінің халықаралық емтихан кеңесімен бірлесіп әзірленді. 2013 жылы бастауыш, негізгі және жоғарғы сыныптарға арналған оқыту бағдарламаларының әзірлемесі аяқталған. Ықпалдасқан бағдарлама енгізіліп, бүгінде 1-ші, 7-ші, 8-ші, 11-ші және 12-ші сыныптарда оқытылып жатыр. Бағдарлама балаларды өздігінен білім алуға, сыни көзқарас қалыптастыруға, өз ойын жеткізе білетін, топта жұмыс істей алатын, өзгерістерге бейім, зерек әрі инновацияға қабілетті тұлға ретінде дамытуға бағытталған.
Онда білім беру құндылықтары, мектеп қабырғасынан шыққандағы нәтижелер, білім беру саласы мен оқу пәндері бойынша күтілетін нәтижелер айқындалған.
Оқытқан кезде жалпыға бірдей білім беретін мектептердің педагогтары өздерінің оқу жоспарларында оқушылардың оқытудың инновациялық әдістерін игеруіне, білім мен өмірді ұштастыра білуіне, сыни көзқарастарын дамытуға, іс жүзіндегі бағыттылыққа, оқытудағы зерттеу тәсілдеріне, патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеп, таным белсенділігін арттыруға баса назар аударуы тиіс.
"Бағдарламада қоғам және көші-қон, әлемдік аренадағы Қазақстанның беделі, әдебиет, өнер, заманауи өркениет, климат және т.б. өзекті тақырыптар зерделенетіні құптарлық. Бұл оқушылардың функционалдық сауаттылығының артуына ықпал етеді", - деп атап өтті Астана қаласындағы №48 мектеп-лицейдің оқытушысы Қалқаман Қожахметов.
Семинар 17-28 ақпан аралығында өтуде, және бұл Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін Қазақстанның жалпыға бірдей білім беру мектептеріне тарату аясындағы маңызды шара болмақ.