«12 жылдық білім беруге көшуге қатысты сынақтар жүргізіліп жатыр, бұған 104 мектеп тартылды, арнайы оқу жоспары әзірленіп, 34 бағдарлама мен 36 оқулық және 74 оқу-әдістемелік кешен дайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2013-2014 оқу жылынан 1-сыныптан бастап ағылшын тілін енгізуге қатысты жұмыстар жалғасуда. Біз бұны бүгіні күні ілкі жоба мектептерінде жүзеге асырудамыз. Білім беру түрін, әдісі мен технологиясын жаңғырту Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі негізінде еліміздің 35 мектебіне енгізілуде», - деді Білім және ғылым министрі.
Оның айтуынша, дуалды оқыту жүйесі де жүзеге асуда. 96 ұйымда оның элементтері енгізілген.