«Қазақ көшбасшысының халықаралық аренадағы беделі биік, алайда мұндай деңгейдегі саясаттың нәтижелігінің көрсеткіші - оның бірінші кезекте өзінің халқының игілігі үшін жүзе асырылатындығында. Ол өте нәзік саяси сезімталдыққа ие және ылғи да бір қадам алдыда жүреді. Сол себепті де Қазақстан посткеңестік кезеңнен соң күрделі мемлекеттік даму үрдісінен жеңіл өтті»,-деп қосты сарапшы.
Оның сөзінше, Мемлекет басшысы тәжірибелі саясаткер ретінде саяси және экономикалық реформаларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін қоғамдық сананың маңыздылығын жақсы түсінеді. Ал өзінің ішкі проблемаларымен қатар сыртқы әсерлерге де бейім ұлттың рухын сындырмай, ұстап тұру оңай шаруа емес.
«Шамасы Қазақстан Президентінің қоғамдық сананы жаңғырту туралы айтқаны да сондықтан болар. Осыған сәйкес, жаңа заманғы жаңғыртудың алғашқы шарты ретінде Қазақстан басшысы өзінің мәдениеті мен ұлттық кодтың сақталуын атап отыр»,-дейді сарапшы.
Сонымен қатар көрегенді билік қазіргі заманғы үрдістерді сергек бағамдай отырып, рухани құндылықтардың, жаһандық психологиялық құралдардың ықпалының әсерінен тарихи, менталды дәстүрлердің құлдырауы, сияқты негативті факторларды тежей отырып, алдын ала қамданатын болады.