Жартылай финалда румыниялық Стелюта Дутеге 10:5 есебімен есе жіберген Назгүл Боранбаева (48 кг) Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Ал алтын медалдің иегері Стелюта Дуте мен үндістандық Мари Ком арсындағы жекпе-жекте белгілі болады. Мұндай мәртебеге 81 келі салмақта бақ сынайтын қазақстандық Марина Вольнова да ие болды. Жартылай финалда екі бірдей биылғы Азия чемпиондары кездесіп, онда қытайлық Янруй Ванг 7:12 есебімен Маринадан жеңіліс тапты. М. Вольнованың ендігі қарсыласы жартылай финалда венгриялық Тимеа Нагидан басым түскен бразилиялық Росели Фейтоса болмақ. Марина да, Росели де Әлем чемпионатының ақтық сынында бақ сынағалы отырған өз елдерінің ең соңғы үміттері саналады. Жалпы бұл дүбірлі додада Әлем чемпионы атағы үшін 13 елдің өкілдері ғана ие болып отыр. Оның төртеуі - қытайлық, ал үшеуі ресейлік боксшылар.
14:38, 18 Қыркүйек 2010
Назгүл Боранбаева бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
; АЛМАТЫ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Барбодоста бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында астаналық Назгүл Боранбаева қола жүлдегер атанды.