Назгүл Хатепова 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алды.
2012 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымында менеджер, сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеді.
2021-2022 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасының басшысы.
2022-2025 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, егіншілік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Еске салайық, бұған дейін Ержан Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.