Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстанның БАӘ Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды
11:03, 23 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Нажмедин Мұхаметәліұлының елші лауазымынан босатылғанын хабарлады.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, - делінген құжатта.
Айта кетейік, Президент жарлығымен бірнеше елде елші тағайындалды.