Ғалымдар өткізген зерттеуге 20 мен 33 жас арасындағы құрбылардың 30 жұбы қатысыпты. Әйелдерге олардың эмоцияларын туғызатын суреттер көрсетіліп, бағалау ұсынылды. Қатысушылар суреттерді бірге және бөлек қарап көргеннен кейін олардың милары сканерленген. Нәтижесінде суретті құрбысымен бірге қараған әйелдер оны неғұрлым оңтайлы етіп бағалайтыны анықталды.
Ғалымдардың айтуынша, нәзік жандылар фильмді өзара эмоциялық уайымдарымен алмасу үшін көреді, деп жазады 24.kz.