2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Назым Қызайбай Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Назым Қызайбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қытайлық Чжао Сюаньмен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал Назым Қызайбай Азиададағы өнерін аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарыс жолынан шығып қалған еді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алғанын жазғанбыз.