ПАРИЖ. KAZINFORM — Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Назым Қызайбай алғашқы әсерімен бөлісті.
«Бірінші жекпе-жек болғаннан кейін шығар, кішкене қиындау болды. Енді келесі айқастарымда бұдан да жақсы жұдырықтасуға тырысамын. Олимпиаданың атмосферасы өте керемет. Адамдар да өте көп, жалпы өзіме ұнап жатыр. Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым. Алайда, ең бастысы қарсыласымды ұттым. Қарсыластарымның барлығы мықты. Сол үшін алдағы айқастарыма барынша тыңғылықты дайындалып шығамын», - деді Назым Қызайбай.
Айта кетейік, Назым Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.