АЛМАТЫ. KAZINFORM – Назым Қызайбайдың үйінің алдындағы бордюрлер ауыстырылып, асфальт төселіп жатыр деген ақпарат тарады. Алматы облысы әкімдігі оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Қарасай ауданы Іргелі ауылының көшелері жаңартылып жатыр деген бейнеролик тарады.
Еске салайық, 50 келі салмақта отандасымыз жартылай финалда қытайлық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды.
Дегенмен Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады.
Назымның бұл жүлдесі — ел қоржынына түскен үшінші қола медаль.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.