АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Назым Қызайбай қарсыласына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
51 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Азия біріншілігінің жартылай финалында КХДР боксшысы Пенг Чол Миден ұпай саны бойынша ұтылып, қола медалді қанағат тұтты.
Естеріңізге сала кетейік, бокстан Назым Қызайбай қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш екі дүркін әлем чемпионы.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.