Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Назым Қызайбай Астанадағы бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлады Vesti.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін бірінші қазақстандық әлем чемпионы Польша өкілі Анджелика Грондсканы жеңді. Жекпе-жек 3:0 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Астанада 19 мамырда әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты басталды. Әлем чемпионатын тікелей эфирде KazSport телеарнасы көрсетуде.