Назым Қызайбай бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 кг) Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қараша күні Назым өзінің алғашқы жекпе-жегінде қытайлық Чанг Ю Яньді жеңді.

Ширек финалда Назым өзбекстандық Рахимова мен индонезиялық Сугуро жұбының жеңімпазымен жұдырықтасатындығы хабарланған.