Назым Қызайбай: Қазір Головкиннің өте қуатты шағы, Мюррейдің жеңіске жетуі екіталай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан тарихындағы бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионы Назым Қызайбай Геннадий Головкин кез келген қарсыласпен бәсекелесе алады деп есептейді.

«Барлығымыз Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей жекпе-жегін тағатсыздана күтіп отырмыз. Қазір Геннадий өте мықты және кез келген қарсыласымен күш сынаса алады. Менің ойымша, Мюррейдің жеңіске жету мүмкіндігі аз. Боксшымыздың жанкүйері болайық. Тағы бір мәрте оның жеңісін тойлаймыз деп ойлаймын», - деді Назым.

Еске сала кетейік, Назым Қызайбай 2014 жылы Кореяда өткен сында әйелдер арасында бокстан әлем чемпионы атанған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі оны өткен жылдың қорытындысы бойынша он үздік спортшының қатарына енгізді, деп жазады boxingnews.kz.