АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Назым финалда оңтүстікқазақстандық Жайна Шекербековамен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл Назым Қызайбайдың ел біріншілігінде төртінші рет топ жаруы. Сондай-ақ, 48 келі салмақта жамбылдық Алуа Балқыбекова чемпион атанды. Ол финалда Ақмола облысының спортшысы Айгерім Қасенаевадан айласын асырды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы ел біріншілігінде де осы екі боксшы финалда жұдырықтасып, Назым Қызайбайдың жеңісімен аяқталған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.