Әлемнің жетекші лигасын баскетболдың бұрынғы және қазіргі жұлдыздары таныстырды. 4 күнге созылатын спорттық шара кезінде үздік ойыншылар Кубаның түрлі құрамаларымен жаттығу өткізіп, жас ойыншыларға шеберлік сабақтарын көрсетеді.
Аталған шара АҚШ пен Куба арасындағы қарым-қатынастың оңалуынан кейін мүмкін болып отыр. Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында АҚШ президенті Барак Обама ресми түрде екі ел арасында дипломатиялық қатынастың қайта жанданғанын мәлімдеген болатын.