Бұған дейін, 18 наурыз күні өтетін Головкин-Джейкобс жекпе-жегін жарнамалау бойынша медиатур аясында боксшылар бірге Нью-Йоркке келетіні хабарланған болатын.
Олар Madison Square Garden аренасында "Нью-Йорк Никс" пен "Нью-Орлеан Пеликанс" арасында өткен матчты тамашалады.
Ойын арасындағы үзіліс барысында паркет ортасына белгілі конферансье Майкл Баффер шығып, Головкин мен Джейкобстың алдағы жекпе-жегі туралы айтып берді. Ал оның басты кейіпкерлерін таныстыра бергенде трибуналарда отырған қалың жұрт қызу қол шапалақтап, шулай жөнелді.
Айта кетейік, Головкин «Никс» баскетболшысы
Кристапс Порзингиспен кездесіп, кәдесыйлармен алмасты. Қазақстандық боксшы ойын майкасын, ал баскетболшы GGG қолтаңбасы бар қолғап алды, деп хабарлайды vesti.kz.
Еске салайық, Головкин-Джейкобс кездесуі 2017 жылдың 18 қаңтары күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы PPV ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бокс кешін Қазақстанда «KazSport» және «Қазақстан» Ұлттық арналары таратады.
34 жастағы Головкин кәсіпқой бокстағы өз мансабында 36 кездесуді жеңіспен аяқтады, оның 33-ін - нокаутпен. 29 жастағы Джейкобстың есебінде 32 жеңіс (29 нокаут) және 1 жеңіліс бар.