19 жастағы белсенді қызды бұл лауазымға бүкіләлемдік ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш тағайындады, деп хабарлады БҰҰ ресми өкілі Стефан Дюжаррик.
Пәкістандықтың бұл қызметке ресми кірісу рәсімі 10 сәуір күні өтеді.
Малала 11 жасынан бастап, Сват ауылына талибтердің келуін, одан кейінгі өзгерістерді Би-би-си блогына жазды және қыздардың мектепке бару құқығын ашық түрде қорғады. 2012 жылы Малала Юсуфзай мектеп автобусымен үйге қайтып келе жатқанда, оларды тәліптер тоқтатқан. Содырлар Малаланы танып, оның өміріне қастандық жасаған. Малала аман қалды, бірақ Ұлыбританияда ұзақ уақыт емделді. 2013 жылы Малалаға Андрей Сахаров атындағы «Ой еркіндігі үшін» сыйлығы берілді. 2014 жылы Малала Юсуфзай «жастардың білім алуын қолдап, оларды жәбірлеуге қарсы күрес жүргізгені үшін » Нобель сыйлығына ұсынылып, жүлде тарихындағы ең жас лауреат атанды.