Недовесов Australian Open іріктеу кезеңінің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Australian Open іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Жартылай финал кездесуінде Недовесов босниялық Алдин Сеткичтен 6:2, 2:6, 6:0 есебімен басым түсті.

Турнирдің негізгі сетінде Александр АҚШ өкілі Райан Харрисонмен шығады.