Недовесов ҚХР-дағы турнирде жартылай финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұма күні Нанкиндегі (Қытай) «Челленджер» турнирінің жекелей сынында жартылай финалға шықты. Жарыстың сыйлық қоры 50 мың доллар, деп хабарлады sports.kz.

Ширек финалда Недовесов испаниялық Рубен Рамирес Хидальгоны - 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді. Қазақстандық осымен Рубен Рамирес Хидальгомен екінші мәрте жолығып, бұл жолы да айласын асырды. Жартылай финалда Недовесовтың қарсыласы турнирдің сегізінші ракеткасы словакиялық Грег Земля мен америкалық Даниэль Нгуэн арасындағы матчтың жеңімпазы болмақ.