«Экономикалық өсудің маңызды факторы ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту болып отыр. Оның ішінде өндіруші емес салаларда инвестиция тарту белсенділігі байқалуда. Осыған байланысты, есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 18,3%-ды құрады», - деді Ә. Ерғалиев.
Оның айтуынша, инвестиция құрылыс саласында – 2,3 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 83%-ға, ақпарат және байланыста – 48%-ға, ауыл шаруашылығында – 46%-ға, саудада – 40%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар 16%-ға және көлікте – 8,3%-ға өсті.
«Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады.