АСТАНА. KAZINFORM — Негізгі ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталғалы бір тәулік ішінде 152 438 талапкер тіркеуден өтті.
Естеріңізге сала кетейік, тестілеудің алғашқы қадамына 6-10 мамыр аралығында тіркелуге болады.
Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан тестіленушілер 6-13 мамыр аралығында алғашқы әрекетке өтініш береді.
Тіркеу кезінде талапкерлер кез келген күнді, уақытты және тестілеу пунктін таңдай алады.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.