Еліміздегі неке-отбасы қатынастарын реттеуге олардың жүзеге асырылуының кепілдіктерін белгілеуге, сондай-ақ отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Кодекс жобасын таныстырған Әділет министрі Рашит Түсіпбеков: «Кодекс жобасы адамның жеке өміріне қол сұқпау, жеке өмірінің құпиясын жария етпеу туралы лауазымды тұлғаның жауапкершілігін көздейді»,-деді.
Бірінші оқылымда мақұлданған жобаны Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне екінші оқылымға әзірлеу тапсырылды.