Нельсон Мандела ауруханаға жатқызылды

None
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - 94 жастағы Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела бейсенбіге қараған түні тыныс жолдары дертінің асқынуына байланысты ауруханаға жатқызылды.

Президент Джейкоб Зуманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мандела ауруханаға сәрсенбі күні кешке түскен.

94 жастағы Мандела өткен жылдың желтоқсанында тыныс жолдары дертінен емделіп әрі, өтіндегі тасын алдыру үшін Йоханнесбурте үш апта бойы ауруханада жатқан еді. Оған сәтті ота жасалып, жаңа жылға таяу шығарылған болатын.

Ол 1994 жылы елдің алғашқы қара нәсілді президенті болды. Ол 1994 жылдың мамырынан 1999 жылдың маусымынан дейін мемлекетті басқарды.

Апартеидпен белсенді күрескен Мандела 27 жыл түрмеде отырып, 1990 жылы бостандыққа шықты.

1993 жылы Нобель сыйлығын алған.