«Thembekile Mandela Foundation» қорының президенті Ндилека Мандела ханыммен Достық үйіндегі кездесуді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері ұйымдастырды.
Жүздесуге Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Қазақстан-ОАР» Халықаралық Қорының басшылығы, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшелері мен Нұр-Султан қаласы әкімдігінің өкілдері шақырылды.
Кездесу барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі бастамалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және оны одан әрі дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті ғылыми зерттеулер мен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, шара барысында 2021 жылы ОАР-дағы Қазақстан елшілігі шығарған көрнекті ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы «Treatise on the need to strive for an excellent state» кітабының тұсаукесері өтті және Достық үйінің қызметімен таныстыру ұйымдастырылды.