Нельсон Манделаның шөбересі көлік апатынан қаза тапты

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкадан жеткен ақпаратқа сәйкес, Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті және апартеидке қарсы қозғалыстың көшбасшысы Нельсон Манделаның шөбересі көлік апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Би-Би-Си.

13 жастағы Зенани Мандела бейсенбі, маусымның 10-ы күні кешкісін ОАР-дағы футболдан әлем чемпионатының ашылуына арналған концерттен кейін үйіне келе жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан басқа ешкім зардап шекпеген.

Оңтүстікафиркалық полиция көлікте Зенанимен бірге Манделаның бұрынғы әйелі Уинни Мадикизеланың болғандығын айтады, алайда Нельсон Мандела қоры Би-Би-Си-мен сұхбат барысында бұл ақпаратты теріске шығарып отыр.

Зенани Манделаның 9 немере, шөберелерінің бірі. Ол маусымның 9-ында 13-ке толған еді.