Массачусетс технологиялық институты (MIT) мен Ұлыбритания ұлттық океанография орталығының ғалымдары бұл өзгеріс климаттың өзгеруіне байланысты орын алғанын анықтады.
Мұхит түсі судың беткі қабатында не жатқанына байланысты. Әдетте мұхиттың түсі көк болып көрінеді, өйткені ол күн сәулесінің сүзгісі ретінде әрекет етеді, ал су жарық спектрінің қызыл бөлігіндегі түстерді сіңіреді.
Қанық жасыл түс судағы әртүрлі заттарға байланысты. Фитопланктонның көп болуынан су жасыл түске боялады.
Зерттеушілер 21 жыл бойы мұхит түсін бақылап отырған NASA Aqua спутнигінің бортындағы MODIS спектрорадиометрдің дерегін қолданған.
Ғалымдар 20 жылда түстің өзгеруі «климат өзгеруі салдарынан микробтық экожүйенің бетінде сезіліп жатқанын көрсетіп отыр» деген қорытындыға келді.
Ғалымдар мұхиттың жасыл түске боялуы кездейсоқтық емес деп есептейді, ол - «климаттың антропогендік өзгерісінің» салдары.
«Бұл мұхиттың қанша көміртек жұтатынын да өзгертеді, себебі планктонның барлық түрі әртүрлі қабілетке ие. Адамдар бұл мәселеге бей-жай қарамайды деп үміттенеміз, себебі біз мұхиттың өзгеріп жатқанын көріп отырмыз»», - деді зерттеудің тең авторы Стефани Дуткевич.
Ғалымдар симуляторлардың көмегімен суға парникті газ қосқанда және қоспағанда қалай болатынын зерттеді.
«Бұл біз байқап отырған үрдіс кездейсоқ өзгеріс емес екенін, олар антропогендік климаттың өзгеруіне сәйкес келетінін көрсетіп отыр», - деді зерттеу авторы дәрігер Каэль.
NASA ғалымдары мұхит түсі туралы қосымша деректер жинауды жоспарлап отыр. Ғарыш агенттігі келесі жылы мұхит түсін жаһандық өлшеу үшін Plankton, Aerosol, Cloud, Ocean Ecosystem (PACE) арнайы миссиясын іске қоспақшы.