Немересінің көзінше әйелін өлтірген қостанайлық емделуге жіберілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты әйелін өлтірген Есмағамбет Жәкеновке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәкенов ҚР ҚК 99-бабы бойынша айыпталған. Алайда, психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол әрекетке қабілетсіз деп танылды.

«Мамандар Жәкеновтің психикасының бұзылғанын растап, «хроникалық сандырақтау» диагнозын қойды. Осылайша, ол қылмыстық жазадан босатылып, психиатриялық стационардың қарқынды бақылауына алынып, мәжбүрлі түрде емделетін болады», - делінген соттың баспасөз қызметі хабарламасында.

Іс деректеріне сүйенсек, 2017 жылдың 23 мамырында Есмағамбет Жәкенов әйелін туған қызы мен 6 жасар немересінің көзінше пышақтап тастаған. Көп қан жоғалтқан жәбірленуші жедел жәрдем көмегі келгенше көз жұмды. Тәртіп сақшылары оны құдықтан тауып алған.