«Кітаптың шыққан жылына қарағанда, Германия ГДР және ГФР болып екіге бөлініп тұрған кезде жеткен. Бірақ немістердің қандай затқа болсын ұқыптылықпен қарайтыны осы кітаптан да көрініп тұр. Аса қатты ескіре қоймаған. Мазмұны тіпті бай» деп жазады «Егемен-ақпарат».
Бір қызығы кітапта басым көпшілігін бүгінгі күні өзіміз де ұмыта бастаған небір қызықты ертегілер де бар екен. Мысалы, «Күнікей сұлу» (Күн астындағы Күнікей), «Сиқырлы бақ», «Апалы-сіңілі үшеу», «Жас батыр мен жалмауыз», «Қадырдың бақыты», «Әуез ханның қырық ұлы» сияқты бүгінде көп кездесе бермейтін ертегілер осы Берлиндегі орталықтың төрінде қойылған кітапта жүр.
Тіпті онда қазақта ғана кездесетін атау сөздер мен ұғымдардың немісше түсінігі де берілген.