Аналар үйінде шетелдік саяхатшыларға қазақтың дәстүрі көрсетілді. Ондағы 10 жасар Айсұлтанды сүндетке отырғызу рәсімі өткізілді. «Айсұлтанға ұзақ та бақытты өмір тілеймін, жолы даңғыл болсын. Біз, қала әкімдігі Аналар үйін үнемі қолдаймыз. Бұл - әлеуметтік маңызы зор жоба», - деді әкім Қуат Тұмабаев.
Өскеменде саяхатшы байкерлерді ертіп жүрген Дәурен Әли қонақтардың қазақ халқының қонақжайлылығы мен Шығыс Қазақстан облысының тамаша табиғатына тамсанғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, байкерлердің саяхаты бір ай бұрын Германиядан басталған, осы уақытта олар 13 елден өтіпті.