Неміс епископтығы үнемдеу мақсатында 54 шіркеуді жапты

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Төменгі Саксониядағы Хильдесхайм (Hildesheim) епископтығы үнемдеу және шығыстарды қысқарту мақсатында 54 шіркеуді жабуға шешім қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Бастапқыда 80 шіркеуді жабу жоспарланған болатын, алайда жергілікті тұрғындармен және билікпен жүргізілген келіссөздерден кейін тізім қысқарды. Трелле епископы шіркеулердің жабылуына қынжылыс танытқанымен, бірақ қажетті деп атады.