Неміс ғалымдары клондау арқылы мінсіз жаңажылдық шыршаны жасап шығарды

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Гумбольд атындағы Берлин университетінің мамандары грузин шыршасының тұқымдарын клондау арқылы мінсіз жаңажылдық шыршаны өсіріп шығарды.

Бұл туралы университеттің сайтында орналастырылған ақпаратта айтылды.

Сарапшылардың айтуынша, сынақтар нәтижесінде пайда болған ағаштардың пішіні және түсі мінсіз болады. Олардың қылқандары уақыт өте келе түспейді және жәндіктердің шабуылына төзімді. Университет мамандары бұл шыршаларды қалжыңдап «Франкенағаштар» деп атайды.

Бірмезгілде зерттеулерге жетекшілік ететін профессор Курт Цоглауэрдің атап өтуінше, клондалатын шыршалардың барлығы бірдей бола бермейді. «Біз олардың пішіні әр алуан болатындай етіп жасап шығардық, әрқайсысы өзінше әдемі», - деді ол. Ол сондай-ақ шыршалар орнатылатын үйлердің көлемі де есепке алынатындығын айтып өтті.

Жыл сайын Германия халқы 28 млн.-ға жуық жаңажылдық шыршаны сатып алады. Олардың үштен екісі Грузиядан, Абхазиядан және РФ-дан әкелінеді.