Неміс инвесторларына қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылды - ҚР СІМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Тило Клиннерді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесу барысында екі жақты сапарлар мен іс-шараларды еңжоғары және жоғары деңгейде ұйымдастыру жоспарлары, оның ішінде сыртқы саясиведомство басшысының осы айға көзделіп отырған Берлинге сапарықарастырылды.

Тараптаринвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, бұл үдерістегіСауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының,Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің жәнеБерлин Еуразиялық Клубының маңызды рөлін және неміс инвесторларының, соныңішінде шағын және орта бизнес өкілдерінің Қазақстанда жұмыс істеуі үшін қолайлыжағдай жасау мәселелерін талқылады.

Әңгімебарысында гуманитарлық саладағы ынтымақтастық, орта білім беру жүйесінде жәненеміс тілін оқыту орталықтары желісі арқылы неміс тілін кеңейту, сондай-ақ дуалдыбілім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекшеназар аударылды. Қазақстандағы шамамен 200 000 адамнан тұратын неміс диаспорасыжәне ГФР-дағы 900 000 «қазақстандық» немістер құрайтын екі ел арасындағы «жандыкөпір» бар болғанның зор маңыздылығы атап өтілді.

ГерманияҚазақстанның ең ірі сауда серіктестері мен инвесторларының бірі болып табылады.2018 жылдың соңында Қазақстан Республикасы мен Германия арасындағы тауарайналымы 2,1 миллиард АҚШ долларрын құрап, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 10,8%-ғажоғары болды. Соңғы 13 жылішінде Германиядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі 8,6 млрдАҚШ долларын құрады. Германиядағы инвестициялардың 90%-ы «шикізаттық емессекторға», соның ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау мендамытуға бағытталады.

Қазақстанданеміс капиталының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын бар. Олардың арасында«METRO», «KNAUF», «Heidelberg Cement», «BASF», «Linde AG», «CLAAS» сияқты ірікомпаниялардың өкілдері және басқалары бар. Өткен жылы ғана «WILO» өндірістіккешені ашылды, оның құрамында консольдық, блоктық және ұңғылы сорғылық жүйелерсаласындағы жобалаушылар мен инженерлерді өндіру, сынау және оқыту бойыншажоғары технологиялық орталық, сондай-ақ «OBI» компаниясының құрылыс материалдарымен жабдықтары орталығы бар.

Соңғы жаңалықтар