Неміс қазына іздеушілері 10 миллион доллардан астам соманың қазынасын тапты

АСТАНА.  Шілденің 30-ы.  ҚазАқпарат - Неміс  қазына іздеушілері     Калимантан  аралдарының маңында батып  кеткен  теңіз қарақшылары кемесінің  бортынан  10 миллион доллардан  астам соманың  қазынасын  тапты,

деп  хабарлады  сәрсенбі күні немістің Bild газеті.

«Балдыр  басып қалған   қайсыбір  заттарды    бір қарағанда, құнды  зат   деп ойламайсыз.   Бірақ  кейін, оны  қолыңызға  алсаңыз,   керемет  сезімді  бастан кешіресіз»,  дейді    қазына іздеушілердің бірі,    42 жастағы Мартин  Венцельс.

Газеттің   хабарлауынша,  Венцельс  пен оның 71 жастағы   тамыры  Клаус  Кепплер     1806   жылы   Калимантан аралдарының жағалауында  суға  батып  кеткен "Forbes"      кемесінен   1,5 тоннадай күміс  шақалар,    алтын  әшекейлер,   қару-жарақтар,   асыл тастар  мен  Мин  дәуірінен  жеткен  фарфор ыдыстар  тапқан. Мамандардың айтуынша,    тек  қана күміс шақалардың    құнының  өзі  10 миллион долларға  жетеді екен.

«Осыған дейін біз 35  суға  батқан  кемені   зерттедік,  солардың тек  екеуі  ғана    құнды болып  шықты»,  дейді  экспедиция мүшелері.