Бұл туралы Қазақстан мен Германия Үкіметтерінің арасында шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы Келісімді іске асыру бойынша жұмыс тобының жетекшісі Петер Тильс ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовпен болған кездесу барысында хабарлады.
«Іскерлік кеңес құрамына Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бірнеше жүздеген фирмалар кіреді. Біз ынтымақтастықты өрістетуге дайынбыз, бізде ол үшін барлық мүмкіндіктер бар», - деді П.Тильс.
Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті аспектілері талқыланды.