KfW қызметкерлері жүйенің дұрыс істемей тұрғанын бірден байқап, операцияны тоқтатып үлгерген, оқиға талданғаннан кейін, қателік анықталып, жойылды.
«Барлық қаражатты қайтарып үлгердік. Болған жағдайға өкініш білдіреміз, бұл жағдай жүйені дұрыс реттемегеннен болуы мүмкін», - деп нақтылады қаржы ұйымында.
2008 жылы KfW америкалық Lehman Brothers инвестбанкке қателесіп 300 миллион еуро (427 миллион доллар) аударған. Артынша америкалық банк банкроттығы туралы хабарлаған. Неміс мембанкі аударым қателескеннен болғанын айтты. БАҚ KfW-ті «Германияның ең ақымақ банкі» деп атады.