Неміс телеарнасы Путин туралы деректі фильм түсіреді

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - ARD неміс телеарнасы Ресей премьер-министрі Владимир Путин туралы 75 минуттық деректі фильмінің түсірілім жұмыстарын бастап кетті.

«Известия» газетінің хабарлауынша, фильм 2012 жылдың наурыз айында жарыққа шығады деп жоспарлануда. Неміс журналистері премьердің Қытайға жасаған сапарында бірге барып, 14 қазанда үкімет президиумының отырысына қатысты. ARD тілшісі Губерт Зайпельдің айтуына қарағанда, оның жұмыс тобы бүгін В.Путинмен бірге ТМД мен Кедендік одақ мәселелерін талқылау үшін Санкт-Петерборға барады.

Белгілі болғандай, түсірілім жөнінде ұсынысты ARD телеарнасы өзі жасаған. Неміс деректі фильмі үшін В.Путин арнайы үлкен сұхбат береді. Әзірге түсірілім күні бекітілген жоқ, алайда түсіру жұмыстары Жаңа жылдан кейін басталады деп жоспарлануда. Ол сұхбат БАҚ-қа жарияланбайды, неміс журналистерінің РФ премьерімен сұхбатын тек ARD деректі фильмінен тамашалауға болады.

Фильм премьердің жеке өміріне бас сұқпайды, картина тек В.Путиннің кәсіби қызметіне арналған.