Неміс велошабандозы «Тур де франстың» бірінші кезеңінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Team Giant-Shimano командасының неміс велошабандозы Марсель Киттель «Тур де Франс» велокөпкүндігінің бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлады «Р-Спорт».

Киттель Лидс пен Харрогейт арасындағы 190,5 шақырымды 4 сағат 44 минут 7 секундтың ішінде бағындырып, жаппай спринттің тек соңында ғана алға шықты. Cannondale командасынан словакиялық Петер Саган екінші орынды еншіледі, үшінші - литвалық Рамунас Навардаукас (Garmin-Sharp).