Немістер Горбачевқа ескерткіш орнатып, ризашылықтарын білдірмекші

АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат - Германияның астанасында Михаил Горбачевтың мүсін бейнесі пайда болмақшы, оның ашылуы Берлин қабырғасы құлауының 20 жылдығын тойлауға арналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

«Шпрингер» неміс баспасы монументтің тапсырыс берушісі ретінде әрекет етті.

Бейнені Батыс Еуропадағы белгілі мүсінші Серж Манжен даярлады. Бұл үшін ол КСРО экс-президентінің фотосуреттер сериясын жасаған, онымен бірнеше рет кездескен. Шебердің айтуынша, нәтижесінде ол Горбачевтің бейнесі туралы дәл ұғымға ие болған.

Мүсін баспа үйінің холлына орналастырылады, ашылу салтанаты қарашаның 8-інде өтеді.