Немістер өз елдерімен мақтануға болатын жеті себепті көлденең тартты
Біріншіден, немістер өздерінің канцлері Ангела Меркельді мақтан тұтуларына толық негіз бар. Forbes журналының нұсқасы бойынша Меркель ғаламшардағы ең ықпалды әйелдер тізімін қатарынан төрт жыл бойы бастап келеді.
Екіншіден, немістер өндіретін тауарларының сапасы бойынша көш бастауда. «Made in Germany» деген белгі әлі күнге дейін өте жоғары бағаланады. 2009 жылы ГФР экспорт бойынша әлемде бірінші орынды сақтап қалды. Немістердің автоконцерндерінен басқа ГФР-дағы көшбасшылықты, бір қарағанда ұсақ-түйек болып көрінетін - пластикалық дюбельдер, розеткалар және штекерлер немесе алюминий ыдыстар шығаратын 1800-ге жуық кәсіпорындар қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, немістер еңбек тиімділігі бойынша басқа елдерден асып түседі. 29 күн демалатындарына қарамастан ГФР азаматтары ауру-сырқауға аз ұшырайды, басқа елдерге қарағанда 1 сағаттағы еңбек өнімділігі жоғары.
Төртіншіден, Германия таза индустрия экологиясы саласындағы көшбасшылардың бірінен болып табылады. Неміс экономикасының «жасыл» секторында (күн батареяларын, жел генераторларын салу және пайдалану, биоотын өндірісі) 1,5 миллионға жуық адам еңбек етеді.
Бесіншіден, Экономикалық ынтымақтастық және даму халықаралық ұйымының бағалауынша, денсаулық сақтаудың немістік жүйесі әлемдегі ең үздік деп танылған. 1000 тұрғынға 1,5 дәрігерден және 5,7 аурухана төсектерінен келеді.
Алтыншыдан, ГФР мәдени өмірдің ең басты орталықтарының бірі болып табылатынын статистика көрсетіп отыр. Елде 150-ге жуық театрлар, 133 оркестр жұмыс істейді, ал 2009 жылы өткен Франкфурттағы кітап жәрмеңкесіне 100 мың жаңа шығарма ұсынылды, 2009 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын неміс әйелінің - Грет Мюллердің алғаны өз алдына.
Жетіншіден, немістер автобандарымен шын мәнінде мақтана алады. Жапония мен Кореяның жетекші автоөндірушілері өздерінің тәжірибелік үлгілерін неміс жолдарында «желмен жарыстыру» үшін Германияға әкеледі. Жалпы ұзындығы 12500 шақырым болатын неміс күрежолдарының жартысында жылдамдыққа шектеу қойылмаған. Автобандар барынша қауіпсіз: шақырымға шаққандағы адам өліміне ұшыратқан жол-көлік оқиғасының саны жағынан әлемдегі ең төменгі орынды иеленеді.