Немістер Швейцариядан капиталдарын үреймен алып шығуда

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Швейцарияға халықаралық қысым күшеюде және ел билігі банктерден күмәнді салымшылармен жұмыс істеуді тоқтатуды талап етеді. Нәтижесінде неміс салықтан жалтарушылары асығыс түрде өз ақшаларын Швейцариядан алып шығуда: өткен жылы ГФР кеденшілері өз азаматтарынан 20 млн мағлұмданбаған еуроны тауып алған, деп хабарлайды РБК.

Лёррахтағы кедендік бақылау басқармасы өкілі Маркус Юккерттің сөзіне қарағанда, салықтан жалтарушылардың көптеген байлықтары ғана емес, сонымен қатар тапқырлықтары да жетеді. Мәселен, бір 72 жастағы зейнеткер шекараны өтіп келе жатып, үстіне әйелдер корсетін киіп, оның астына 150 мың еуроны тығып алған. «Келесі жағдайда ер адам өзімен бірге бірнеше арнайы урологиялық төсем алып жүрген, олардың арасынан біз 140 мыңдай еуро тауып алдық», - деп хабарлады Bloombergке Юккертт.

Неміс заңдары бойынша, егер сома 10 мың еуродан асатын болса, алып келе жатқан ақшаны мағлұмдау қажет. Айталық, тек қана бавариялық Линдауда жергілікті кеденді «аулау» 2 млн еуроны құрады. Бұл бөлімшенің қырағы шенеуніктерінің ең естен кетпес олжасы рождестволық пірәндік үйшігіне тығылған 25 мың еуро болды.

Дегенмен, салық және кеден заңнамаларын бұзушылардың барлығы мұндай тапқырлықпен көзге түспейді. Айталық, Зингендегі кедендік бекет өкілі Харальда Габеленің сөзіне қарағанда, бір зейнеткер жұбайлар жұбы ақшаны өз аяқ киімдеріне тығып алған, ал басқа бір жағдайда ірі ақша сомасын автокөлік аккумуляторының астына тыға салған. «Біз адамдар арнайы белбеу киіп, ақшаны тығып алатын немесе жай ғана өз ішкі киімдеріне жасыратын жағдайлармен де үнемі кездесіп тұрамыз», - дейді Габеле.

Швейцарияда тек миллионерлер ғана банктен есепшот ашпайды. Шетелдік туристер арасынан мұнда немістер басым болғандықтан, салықтан ақшаны көрші елге алып қашу ГФР азаматтары үшін халықтық спорт түріне айналды, деп санайды бұрынғы тергеуші-қаржы инспекторы, қазіргі салық жөніндегі кеңесші Франк Верхайм. Саладағы 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар сарапшы салықтан жалтарушылар арасында «дәрігерлер мен такси жүргізушілері көп» екенін атап айтты.

Дәл сол себепті неміс кеденшілері тек ақша жасырылған орындарды ғана іздемейді, сонымен қатар, тексеру кезінде табылған құжаттарды мұқият қарайды. «Тұтас бір банк көшірмелерінің папкасын қолда ұстағанның өзі өте жақсы», - деп дәйектейді Bloomberg Боден өзеніндегі Линдау бақылау бөлімшесінің бастығы Георг Крюгерстің сөзін келтіріп. Табылған құжаттар тиісінше салық инспекциясына беріледі, олар тексеруден өткізіледі. «Өткен жылы біз тауып алған құжаттардың арқасында шетел банктерінде Германияда салығы төленбеген 1,3 млрд еуро табылғаны туралы ақпарат алынды», - деп әңгімеледі Ульмадағы аймақтық кедендік бақылау басқармасның өкілі Хаген Кольманн.