Бұл жайында барлау қызметінің басшысы Герхард Шиндлер бундестаг депутаттарына мәлім етті, деп хабарлайды РБК.
Жаңа бөлімде халықаралық хакерлерге қарсы тұруға қауқарлы 130 маман іріктелініп жатыр. Германияның кибер қауіпсіздігіне негізгі қатер Қытай тарапынан төніп тұрған көрінеді. Онда әскери ведомствоның 6 мың қызметкері жоғары технологиялар туралы ақпаратты жымқырумен айналысады-мыс.
Шиндлердің сөзіне қарағанда, хакерлермен ынтамақтастық бағытында ведомство қыруар қаржы жұмсайды екен. Бұдан кейін енді кибер тыңшылықпен күрес үшін неміс университеттерін тәмамдағандар арасынан кандидаттарды іріктеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.