Ол дұрыс іске қосылмайтын қауіпсіздік жастығына қатысты. Концерн көлікке орнатқан жастықты жапондық Takata компаниясы шығарған.
Автоөндірушілер жастық апат кезінде дұрыс жұмыс істемейтіндігін айтты. Соның салдарынан жүргізуші мен жолаушылар құрылғыны іске қосқан кезде металл элементі ұшқындарының құрбаны болуы мүмкін.
Атап өтсек, көп жағдайда бұл жеңіл көліктерді қамтиды. Олардың саны 705 мың. Сондай-ақ 136 минивэннің кемшіліктерін жою қажет, деп жазады planet-today. Ru.