Оқиға түстен кейін қалалық Виздорф ауданында болған. Бір адам қолынан жараланып ауруханаға жеткізілді.
Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан із жасырды, алайда екі сағаттан кейін SEK полицияның арнайы бөлімшесінің жауынгерлері оны ұстап алды. Ұсталған адамның кім екендігі хабарланған жоқ, оның 60-70 жас шамасындағы адам екені ғана белгілі. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.