Оқиға дүйсенбі күні, 8 тамызда, түстен кейін болды. Қаскөй әуелі жасөспірімге шап беріп, оны ұрып-соқты және тонады, одан кейін 64 жастағы әйелге жарақат салды. Ол ауруханаға жеткізілді, оның өміріне қауіп жоқ. Бұдан кейін, порталдың хабарлауынша, кемінде тағы үш адам жарақат алған.
Полиция шабуыл жасаған адамды іздестіруде, тікұшақ жұмылдырылған, деп хабарлады Augsburger Allgemeine. Қылмысқа күдіктелген адамның жасы 25-35-тер шамасында. Оның бұл әрекетінің себебі әзірге белгісіз.