Неміс автокөлік өнеркәсібі дағдарысқа ұшырады

Фото: wtvd

АСТАНА. KAZINFORM — Volkswagen мен Mercedes қаржылық ауыртпалықпен күресіп жатыр. Бұл туралы DW жазды.

Электр көліктеріне салынған инвестиция тұтынушылардың төмен сұранысына байланысты өзін ақтамай отыр. Нәтижесінде ірі автоөндірушілер ондаған мың қызметкерін жұмыстан шығарған.

Немістің өнеркәсібі бұл мәселеден бөлек, аккумулятор өндірісі технологиясында айтарлықтай жетістіктерге жеткен Қытаймен бәсекеге түсіп отыр. 

— Неміс өндірушілері үшін электромобиль өндірісінің құны өзекті мәселе. Сондықтан біз өндірісті уақытша тоқтатудамыз. Қытай аккумуляторлық технология өндірісі бойынша әлдеқайда алда. Немістің бірде-бір автокөлік өндірушісі алдағы 3-4 жылда онымен бәсекелес бола алмайды, — дейді автокөлік жасау саласындағы сарапшы Даниэль Кирхерт.

Бұған дейін Volkswagen Қытайдағы зауытын жабатыны туралы жазған едік