Деректерге сүйенсек, респонденттердің тек 50 пайызы ғана көшеде, саябақтарда, қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз сезінеді. Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 5% төмен. Ал сауалнамаға қатысқандардың 48%-ы қоғамдық орындарды белгілі бір дәрежеде қауіпті деп санайды.
Сонымен қатар әлеуметтанушылар ерлердің 56%-ы, ал әйелдердің 45%-ы өзін қауіпсіздікте сезінетінін анықтады. 2017 жылы өзін қауіпсіз сезінетін немістердің үлесі 75% болған.
Сауалнама 3-5 қараша аралығында жүргізіліп, оған 1300 адам қатысты.
Қоғамдық қауіпсіздік Германия саясатындағы басты бағыт саналады, оған канцлер Фридрих Мерцтің (CDU) көші-қон туралы мәлімдемелері мысал бола алады. 14 қазанда Мерц Германия билігі көші-қон саясатындағы бұрынғы қателіктерді түзетіп жатқанын және «миграция мәселесін шешуде айтарлықтай жетістіктерге жеткенін» айтқан еді.
Айта кетейік, бұған дейін сириялықтардың көпшілігі Германияда қалатыны туралы жариялаған едік.