Непал: ауа райының қолайсыздығынан альпинистерді іздеу тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдан түскен ресми хабарламаға қарағанда, бұрқасын мен қар көшкіні салдарынан құтқарушыларға Аннапурна таулы алқабы аумағындағы альпинистерді іздеу жұмыстарын тоқтатуға тура келген.

Енді негізгі күш қар астынан мерт болғандардың мәйіттерін қазуға жұмылдырылып отыр. Әскерилердің айтуынша, олар қас қарайғанға дейін көшкін басып қалған он мүрдені алып шығуға әрекеттенбек.

Әзірге 39 адамның ажал құшқаны анықталып отыр. 400 турист пен оларды бастап жүрген мамандар құтқарылды. Көпшілігінің бет-қолдарын үсік шалған.