Енді Эверестке шығуға келесі айдан бастап рұқсат етілген. Ол үшін COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу бойынша шараларды қолдану керек. Непалға келетін шетелдік альпинистердің міндетті түрде бір апталық карантинде болуы және олардың коронавирусқа тапсырған тестінің теріс нәтиже көрсеткенін дәлелдейтін анықтамасы болуы шарт.
Непал үкіметі Эверестке шығуға бір жыл бұрын коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары аясында тыйым салған болған.