"Канхан Кхатри (Kanchan Khatri), Гиан Кумари Кхатри (Gyan Kumari Khatri) және Дхан Кумари Кхатриді (Dhan Kumari Khatri) бүгін қауіпсіздік қызметі Суаюли (Syauli) деревнясы ауданында құтқарып қалды», - делінген непалдық полиция хабарламасында.
Бұдан бұрын өкімет орындары үйінділер астынан тірі қалған біреулерді табудан үміт үзе бастағанын мәлімдеген болатын, сонымен қатар құтқарушылар шалғайдағы аудандарға жеткенде құрбандар саны көбейе түсуі мүмкін екендігін айтқан еді.
Непалдағы тербелісі 7,9 жойқын жер сілкінісі 25 сәуірде болды. Оның кіндігі ел астанасы Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте болды. Бұдан кейін күндіз бірнеше жерасты дүмпулері орын алды. Соңғы мәліметтер бойынша, 7040 адам жер сілкінісінің құрбаны болды, 14397 адам жарақаттанды, деп хабарлады РИА Новости.